** Қазақстан полициясы тек қана қылмыспен күресуде ғана емес, сондай-ақ халыққа түрлі мемлекеттік қызметтердің шамамен 40 түрін ұсынады.

«Полиция тек қана қылмыспен күресіп қана қоймайды, сонымен қатар, азаматтарға арналған Үкіметтің көмегімен халыққа түрлі мемлекеттік қызметтердің 40-қа жуық түрін ұсынады», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінде «Құқық тәртібін және қауіпсіздігін күшейту туралы» баспасөз мәслихатында .

Олар азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуді, автокөліктерді тіркеуді, азаматтық қаруды, жеке куәліктерді және төлқұжаттарды ресімдеуді, мекен-жай куәліктерін және тағы басқаларды қамтиды.

Ішкі істер министрлігінің басшысының айтуынша, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы айтарлықтай жақсарды. Қызметтің белгілі бір түрлерін ұсыну шарттары айтарлықтай төмендеді.

Көрсетілетін қызметтерге жұртшылықтың қолжетімділігін жеңілдету үшін қызметтердің басым бөлігі автоматтандырылған және ХҚКО арқылы («Азаматтар Үкіметі»), арнайы ХҚКО-мен, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін «Миграциялық қызмет көрсету орталықтары» арқылы қамтамасыз етіледі. Оның үстіне, қызмет көрсету мерзімі 5-7 күннен бірнеше сағатқа дейін қысқартылды »,

** - деп хабарлады Қалмұханбет Қасымов.

Бүгінгі күні қызмет көрсету кезінде басқа мемлекеттік органдардың көптеген куәліктерін беру талап етілмейді.

«Қызметкерлер ақпараттық жүйелер мен мәліметтер қорынан қажетті ақпаратты алады», - деп түсіндірді ол.

Кейбір қызметтерді ұсынудың экстерриториалдық қағидасы енгізілді. «Енді еліміздің кез-келген аймағында тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алады немесе ХҚКО арқылы автокөлікті тіркей алады», - деп хабарлады спикер.

Осы және басқа да бірқатар инновациялар Ішкі істер министрлігіне жұртшылыққа сапалы жаңа деңгейде мемлекеттік қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.