Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Азамат Сарғазин журналистердің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, ведомство өкілі сайлау учаскелерінде скотч жапсырылған бейнекамералар фактісі бойынша мұның бәрі заңды екенін жеткізді.

«Бұл дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету үшін жасалып жатқанын атап өткім келеді, өйткені бұл бейнекамералар дауыс беру кабиналарына қарап тұр. Бақылаушылар бойынша: әлеуметтік желілерде әртүрлі бақылаушылар жекелеген сайлау учаскелерінде сайлауды бақылау үшін жағдай жасалмағаны туралы жазуда. Орындықтар жетіпейді, ПТР тест нәтижелері талап етіледі. Бұл ретте сайлау комиссиялары тарапынан заң бұзушылықтар жоқ, бұл фактілер туралы Бас прокуратураға хабарланды. Бұл шаралар коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты елдің бас санитарлық дәрігерінің талаптарын орындауға байланысты. Сондай-ақ бақылаушылардың назарын ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, олар өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілерге негіздеуге міндетті екендігіне аударғым келеді», - деп атап өтті қадағалау органының өкілі.

Сонымен қатар, ол БАҚ пен әлеуметтік желілер мониторингі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретінде екенін мәлімдеді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, материалдар прокуратураға жіберіледі. Фактілер расталған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады.