Пневмонияны диагностикалау және өкпенің компьютерлік томографиясын жүргізу үшін Алматы қаласында 12 кабинет жұмыс істейді, олардың өткізу қабілеті осы қызметке сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

«КТ қызметін жеткізушілер коронавирустық инфекция диагнозы расталған пациенттерді қабылдау жұмыстарының бөлек кестесін және диагнозы расталмаған, бірақ симптоматикасы ұқсас пациенттер үшін жеке уақытты анықтады. Бұл зерттеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді спикер.

Сарапшының ақпараты бойынша, үш ай ішінде КТ екі аппаратын ГДИБ-ға және МЖЖЕ-ға жеткізу күтілуде, бұл аталған зерттеуге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Қ.Надыров халыққа арнаған сөзінде, қазіргі уақытта халықтың өкпенің КТ өту ниетімен байланысты дүрлікпе байқалғанын атап өтті. Сарапшының айтуынша, көптеген адамдар пневмонияның қандай да бір белгілері болмаса, жай ғана өздерін тыныштандыру үшін тексеруден өткісі келеді.

«КТ-ны зерттеу қарапайым рәсім емес екенін ерекше атап өткім келеді. Сондықтан, жоғары сәулелік жүктемеге байланысты дәрігердің жолдамасынсыз КТ-зерттеулер жүргізу ұсынылмайды», - деді Қ.Надыров.

Спикер өкпені жасанды желдету аппараттарының жүктемелігіне мониторинг жүргізу туралы айта келе, қазіргі уақытта Алматы қаласының медициналық ұйымдарында 573 ИВЛ аппараты бар екенін мәлімдеді. Бұдан басқа, 2 ай ішінде тағы 18 ӨЖЖ аппараты мен жедел медициналық жәрдем автокөліктеріне арналған 20 портативті ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде.

Қ. Надыровтың айтуынша, қажет болған жағдайда басқа клиникалардан 100 қосымша ИВЛ аппаратын жұмылдыруға және іске қосуға мүмкіндік бар.