2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске қосылды, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде нозологиялар тізбесі 45-тен 136 ауруға дейін кеңейтілді. ТМККК шеңберінде - 31 нозология, оларда ДЗ және МБ 506 атауын, МӘМС шеңберінде - 105 нозология, оларда ДЗ және МБ 223 атауын қолдануға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ фармацевтикалық саясат департаментінің директоры Александр Костюк мәлімдеді.

Оның айтуынша, медициналық ұйымдар 2020 жылы 280,5 млрд. теңге сомасына 1380 дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар қажеттілігін көрсеткен. Бүгінгі таңда ол қанағаттандырылды.

Сатып алу қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу ҚР ДСМ шекті бағасынан 21,2 млрд. теңгені құрады.

«Осы дәрілік заттардың 134,5 млн. теңгесі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық медициналық ұйымдарына жөнелтілді деуге болады. 87%-ы пайдаланылды, 2,5 млн. астам рецепт жазылды. Осылайша, игеру сомасы 117 млрд. теңгені құрайды. Стационар шеңберінде медициналық ұйымдарға шамамен 134 млрд. теңге сомасына дәрілік заттар мен бұйымдар жіберілді. Биыл жаһандық пандемия жағдайында бірыңғай дистрибьютор Денсаулық сақтау министрлігімен коронавирустық инфекцияны диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес, вирусқа қарсы, бактерияға қарсы және антикоагулянттық препараттарды қоса алғанда, барлық қажетті препараттарды сатып алды», - деп сендірді спикер.