Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесіндегі реформаға мен бизнестің құқығын қорғауға бағытталып қабылданған шаралар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов мәлемдеді.
«Биыл ішінара тексерудің орнына «алдын ала бақылау» секілді жаңа институт енгізілді. Ол бизнес пен биліктің арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынасты құруға және бақылаушы органға сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, қазірде тексеріс жүргізудің мақсаты кәсіпкерді жазаға тарту емес, заң талабы бұзылуының алдын алуға жәрдем және кеңес беру», - деді Асланбек Жақыпов.
Бақылау субъектісіне анықталған заңбұзушылықты жою үшін белгілі бір уақыт беріледі. Егер ол жойылмаса, мемлекеттік органға қайтадан, демек жоспардан тыс тексеріс жүргізу құқығы беріледі.
«Осылайша аталған институт бизнесті шын мәнінде заң талабын әділ сақтауға ынталандыруға, сондай-ақ қызмет ету менталдылығын өзгерте отырып, тексерушілердің санасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді ол.
Айта кетсек, Ұлттық экономика министрлігіне жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және олардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша бақылау функциясы берілген болатын. Яғни, бұл құзырет бізге кез келген мемлекетік органның кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізуін, рұқсат беру және рұқсаттамалар рәсімдерін көрсетуін, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін сақтауын тексеруге құқық береді.
Осылайша, заң талаптарының сақталуы жөніндегі тексеру бизнес субъектілеріне ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік органдарға да жүргізіледі. Бұл бақылау шараларының шеңберінде біз мемлекеттік органдардың заң талабын сақтауын, ең бастысы, бизнес субъектілерінің құқығының сақталуын қадағалайтын боламыз.
Бизнеспен ашық диалог жүргізу, бүгінде кәсіпкерлер бетпе-бет келіп отырған проблемаларды анықтау мен шешу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі тексеру өткізетін өңірлерде бизнес үшін қоғамдық қабылдау өткізетін болады.
Осыған байланысты 20-22 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалының ғимаратында, сағат 10-нан 17.00-ге дейін барлық ниет танытушылар үшін қоғамдық қабылдау жұмыс істейді.