Уақыт аз, ал сұрақ көп. Қазақстандық оқушылардың ата-аналары БЖБ және ТЖБ бойынша тапсырмалардың күрделілігіне шағымданды. Оларды кім дайындайды? Екінші тоқсанда қашан өтеді? Телекөрермендер сұрақтарын Орталық коммуникациялар қызметіне жолдай алды. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова министрліктің барлық мектептерге ұсынымдар әзірлеп, жібергенін айтты.

«Техникалық ерекшеліктер бойынша бағалау жүйесін тікелей пән мұғалімі дайындайды. Жалпы, біз әдістемелік ұсыныстарда көп тапсырма болмас үшін нақты уақыт пен күрделілікті белгіледік. Бастауыш сыныптарда бір-екі тапсырма беріледі. Егер бұл мектеп қашықтықтан оқитын болса, онда БЖБ мен ТЖБ Ақпараттық жүйелер немесе «Күнделік.кз», сондай-ақ «Дарын онлайн» немесе «Bilim Land» секілді басқа да платформалар арқылы өткізілуі мүмкін. Кері байланыс үшін қандай ақпараттық жүйені қолданса, соны БЖБ және ТЖБ үшін пайдалануға болады, ал тапсырмалардың нақты көлемі көрсетілген. Сондықтан мұғалімдер бұл көлемді тікелей ұстануы керек, олар күрделі болмауы тиіс», - деп түсіндірді педагог.

Айта кетейік, бөлім мен тоқсан үшін жиынтық бағалауды өткізу мерзімін министрлік белгілеп, бекіткеннен кейін мектептерге жібереді.