«Жанама әсердің мүлдем болмауы мүмкін емес». ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік вакцина туралы сұраққа берген жауабында осылай деді. Нұрлыбек Асылбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі кезде әлемде ДДСҰ тіркелген 165 эксперименттік вакцина бар екенін жеткізді. Олар клиникалық сынақтардың түрлі кезеңдерінде.

Ресейлік вакцина да солардың қатарында. Бір таңқаларлығы, оны КВИ жұқтыру қаупі бар адамдарға қолдануға болмайды. Ал қазақстандық вакцина тиімділігі жағынан ДДСҰ сарапшыларының оң бағасын алды. Ол белсенді емес.

«Біз өзіміз таңдаймыз. Қазір клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің аяқталуын күтудеміз. Әдетте ол бір мың адамды қамтиды. Содан кейін жанама әсерлері белгілі болады. Олардың мүлдем болмауы мүмкін емес. Біздің осы вакциналардағы жанама әсерлердің қаупін азайтқымыз келеді. Ең бастысы, біз үшін сапалы вакцина алу және тәуекел топтар контингентін вакциналаумен қамту. Бұл 2 млн адам, мүмкіндік болса, олардың санын 15%-ға дейін жеткізу», - деп жауап берді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Қарапайым сөзбен айтқанда, вакцинаны өндіруші емес, оның әсері маңызды.

Қытайлық фармацевтикалық компаниямен бірлескен сынақтарға келетін болсақ, бұл әлі белгісіз. Құжаттар Дәрілік заттарды ұлттық сараптау орталығы мен Биоэтика жөніндегі орталық комиссияның сарапшыларының бағалауына ұсынылды. Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында клиникалық орталықтар анықталды.