1. Демалысты алдын ала жоспарлау;

2. Тұрақты жерлерді пайдалану;

3. Қалдықтарды дұрыс жою;

4. Тапқанды қозғамай қалдыру;

5. Оттың әсерін азайту;

6. Жабайы табиғатты құрметтеу;

7. Басқа демалушыларға сыйлы болу.

Батыс туристері үшін «алтын» ережелерді қазақстандық туристер білмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында спикерлер айтты. Атап айтқанда, тауда және табиғатта демалу ережелерін белсенді насихаттайтын блогер, эко-турист Асселина Сайлаубекова нағыз экотурист демалу іздерін өзінен кейін де, өзгелерден кейін де жинайды.

«Табиғат - оған деген тұтынушылық қатынас емес, біздің игілігімізге, демалуымыз және рухани баю үшін қажет», - дейді ол әлеуметтік желі пайдаланушыларын және барша қазақстандықтарды басқалардан үлгі алуға шақыра отырып.