Қазақстан әскеріне жаңа қару-жарақ келіп түсуде. Биыл 370-тен астам бірлік әскери техника сатып алынып, 200-ден астамы күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартылды.

Қазақстанның Қарулы Күштеріне алғаш рет «Бук» зениттік-зымыран кешендері келіп түсті. Елдің әуе кеңістігін бақылауды төменгі биіктіктегі нысаналарды анықтауға арналған «Роса» және отандық өнім болып саналатын «Нұр» радиолокациялық станциялары жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әскерлерге жаңа ұшақтар, тікұшақтар, барлаушы ұшқышсыз ұшу аппараттары да келіп түсті.

Сонымен қатар, «әскери техникаларды жаңарту мен оқ-дәрілерді жинау үшін Қорғаныс министрлігі елімізде кейбір қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін өндіруге бастама жасады. Бұл дегеніміз дүркін атудың реактивті жүйелерін, арнайы брондалған машиналарды шығару, көпфункционалды кеменің отандық тұғырына қондыру, оқ-дәрілер желісін кеңейту, теңіз қару-жарағына 30 мм оқ-дәрілерді шығаруды игеру»,- деп атап өтті министр.

Артиллерия барлауын дамыту үшін қару-жарақ құрамына қозғалатын нысаналарды барлайтын радиолокациялық станция және батареяға қарсы күрес құралы «Платформамен» толықты.

Пайдаланылмайтын әскери мүліктен арылу үшін салалы ведомствоға беру жөнінде батыл бағыттар қолға алынды. Ол сондай-ақ кадеттер мен қазіргі әскери қызметшілердің ғылым саласындағы жетістіктерімен бөлісті. Әскери оқу орындары робот техникасы мен радиоэлектрондық күреске басымдық бере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізуде. Ал әскери мамандар дрондарға қарсы қаруды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірледі.

«Ғылыми взводтардың да жұмысы жемісін беруде. Олар құжаттарды берудің автоматтандырылған жүйесін әзірледі. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократиялық рәсімдерді қысқартады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруға дәстүрлі нысандармен қатар жаңа нысандар мен әдістер енгізілуде. Әскерлерде ситуациялық жағдайлары бар 50-ге жуық оқу модулі қолданылады. Олар дүниетанымды кеңейту, ойлауды дамыту, зияткерлік деңгейді арттыру және патриотизмге тәрбиелеу үшін әскери тыныс-тіршіліктің барлық аспектілерін қамтиды»,- деді Нұрлан Ермекбаев.