ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Саяси жаңғырту: бір ұлт – әр түрлі пікір!» атты дөңгелек үстел өтті.

Модератор ретінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы Талғат Қалиев сөз сөйледі.

Сараптамалық талқылауға ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Аяған Бүркітбайұлы, саясаттанушылар Айдос Сарым, Марат Шибутов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор Анатолий Башмаков, құқықтық саясат және конституциялық заңнама мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі Сергей Ударцев және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Наталья Калашникова қатысты.

Сарапшылар атап өткендей, Президент Жолдауында саяси жаңғырту бойынша нақты міндеттер қойылып, оның ішінде ел азаматтарының тарихи санасы мәселелерін қозғайды. ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру қоғамдық диалогты қалыптастырудың жарқын үлгісі болып табылады, бұл жалпы Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына ықпал етеді.

Аяған Бүркітбайұлы өз сөзінде атап өткендей, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қазақстандықтардың өзін-өзі тануын нығайтуға және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы тарихи олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді. Бұған Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар да ықпал ететін болады.

Саясаттанушы Айдос Сарым дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде халықтың Қазақстандағы саяси транзитті түсінуі мен қабылдауының көптүрлілігін атап өтті. Қазақстанның саяси жүйесінің өзгеруі, саясаттанушының пікірінше, ерекше жолмен жүріп жатыр, елде жаңа саяси шындық қалыптасуда. Оның пікірінше, қазақстандықтар мықты Президент бастаған күшті мемлекетке мұқтаж.

Саясаткер Марат Шибутовтың пікірінше, заңнамалық және сот жүйелері түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған осы жүйелерді реформалау жөніндегі жаңашылдықтар жүйелі негізде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы жағдайды өзгертуге, заңнамалық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысы Жолдауының бірегейлігін атап өте отырып, Анатолий Башмаков мемлекеттік аппаратта "тыңдайтын жүрек"басқарушылардың болу қажеттігін айтты. Саяси көзқарастар мен артықшылықтардың алуан түрлілігі, қоғамдық көшбасшылардың еңсерілмейтін беделі елде сенімді қоғам құруға мүмкіндік береді.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Сергей Ударцев Жолдауда басты назарды мемлекеттік бағыттың сабақтастығына аударды. Оның пікірінше, әкімшілік әділет жүйесін дамыту, мемлекеттік аппаратты қысқарту табысты саяси жаңғыртуға ықпал етеді.