«Мен онымен 30 жыл бұрын, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде кездестім», - дейді Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші президенті, танымал француз экономисті, жазушы және саяси қайраткер Жак Аттали Нұрсұлтан Назарбаевпен танысқан кезді есіне алып.

ЕҚДБ – Қазақстан өзінің дауыс беру құқығы бар, толық мүшелікке ие болған алғашқы халықаралық мекемелерінің бірі болды.

Бұл осы 30 жыл ішінде Президент Назарбаевпен бірнеше рет кездесудің және оның нарықтық экономикаға негізделген қазіргі заманғы демократиялық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан саналы, өз институттарын жаңарту жолындағы мемлекет ретіндегі елді дамыту ұстанымымен, жігерімен, оның қабілеті және тәжірибесімен танысудың тамаша мүмкіндігі болды.

Мен үшін Сараптамалық-консультативтік кеңестің мүшесі болу және Қазақстан Конституциясының ережелерін дайындауға көмектесу үлкен мәртебе болды. Мен сондай-ақ Президент Назарбаевтың халықаралық қызметінен және оның саяси көрегендігі, келіссөздерді бақылауда ұстау және өте қиын жағдайда әрекет ету қабілеті тұрғысынан өте қысқа мерзімде әлемдегі ең дана адамдардың біріне айналуынан қатты әсер алдым», - деді Аттали алып көршілермен қоршалған елдің зор әлеуетін атап өтіп.

Ресей, Қытай, Иран және басқа елдермен көршілес орналасқан Қазақстан секілді елді басқару үшін дипломатиялық әрі әлеуметтік үлкен әлеует пен дағды қажет. Президент Назарбаев осы дағдыларға ие, соның арқасында ол салмақты шешімдер қабылдай алды, оның бірі – елдің бас қаласын Астанаға көшіру және әлемдегі ең мықты сәулетшілердің көмегімен ғажайып, қалаға айналдыру болды.

Сонымен қатар, Президент Назарбаевтың даналығының арқасында Қазақстанға тікелей қатысы жоқ мәселелер бойынша Қазақстанда ашық және жабық форматта көптеген халықаралық келіссөздер жүргізілуде. Өте қиын жағдайға түскен келіссөз жүргізушілері бар қонақжайлылықпен қабылданып, президент Назарбаевтың ақыл-кеңестерін алады», - деді экономист.

Оның айтуынша, Қазақстан – болашағы зор ел. Президент Назарбаев азиялық және де батыстық көптеген әлемдік өркениеттердің бастауларына оралып, мемлекетті жаңадан тұрғызды.

Мен оған бар жақсылықты тілеймін және оның елге және бүкіл әлемге қалдырған мұрасы келешек ұрпаққа жетеді деп сенемін. Бұл мұра – елді көркейтуге, өркениетті мемлекет, жаңа институттар құруға, тоталитарлық режимнен демократиялық режимге бейбіт жолмен көшуге болатындығын айқындайды. Сондай-ақ, барша халықты, оның ішінде, әсіресе, болашағы мемлекеттік басқарудың басымдығы болып табылатын кейінгі ұрпақты қамтитын модернизацияны жүзеге асыруға болатындығын дәлелдейді», - деді Ж.Аттали.