Бүгін елдің бас медиа алаңында психикалық денсаулық қызметі және COVID-19 таралуы кезінде көмек көрсету тәсілдерінің өзгеруі туралы айтылды. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының айтуынша, бұл сала 2017 жылдан бері елеулі өзгерістерге ұшырап келеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Николай Негай 4 негізгі бағытты атап өтті. Бұл психикалық денсаулықты насихаттау, мақсатты алдын алу, бұзылуларды анықтау және басқару, оңалту және көмек көрсету.
«Біріншісі, психикалық денсаулықты насихаттау. Бұл барлық дерлік халыққа әсер етеді, біз психикалық денсаулықты жақсарту туралы айтып отырмыз. Екіншісі, мақсатты алдын алу - бұл тәуекел топ деп аталады. Мысалы, өзіне-өзі қол жұмсау, зорлық-зомбылық немесе қорқыту қаупі бар кезде. Үшіншісі, ауруларды анықтау және басқару, бұл ретте алғашқы медициналық-санитарлық желі үлкен рөл атқарады. Біз жалпы практика дәрігерлеріне, терапевтерге және педиатрларға физикалық аурулармен қатар болатын психикалық бұзылуларды анықтау бойынша ерекше құзыреттер береміз. Мысалы, жүрек немесе асқазан-ішек жолдарының іс жүзінде 80-90%-ы мазасыздық, көңіл-күйдің төмендеуі, ұйқының бұзылуымен қатар жүруі мүмкін. Дәрігерлер оны анықтап, емдеуі керек. Егер олар оны емдемесе, ал бұл жиі орын алатын жайт, онда олар соматикалық ауруларды асқындырып, адамның жағдайы нашарлайды», - дейді сарапшы.
Оңалту және көмек көрсету дегініміз амбулаториялық және стационарлық жағдайларда белсенді, динамикалық бақылау жасау.
«Осылайша, психикалық денсаулық қызметі көп жұмыс атқарады, психиатрия қоғам үшін қауіпті ауыр психикалық аурулар деп айтылып келді. Жоқ, мүлдем олай емес», - деді Негай психикалық денсаулықты жақсарту тәжірибесін физикалық дамуға арналған фитнеспен салыстыра отырып.