Неге шар механотерапияның қауіпті элементі болып табылады? Қазақстандық дәрігерлер АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен қолданылатын әдісті қауіпті деп санайды. Жоғары санаттағы пульмонолог Наталья Латыпованың айтуынша, дем шығару кезінде кедергіні арттыру - бронхтағы қысымды барынша көтеру үшін түрлі ауруларда жиі қолданылатын әдіс. Бұл ауа жолдарын ашады және желдетуді жақсартады. Ұзақ және баяу дем шығаруға негізделеді.

«Шар үрлеу - қауіпсіз емес. Бұл тыныс алу мен дем шығару күшін бақылауға мүмкіндік бермейтін құрылғы. Шарлардың созылғыштығы әртүрлі және оны үрлеу үшін әртүрлі күш жұмсайсыз. Егер шар үрлеу үшін көп күш қажет болса, бұл қауіпті. Вирустық пневмония болғанда, екі жақты зақымдану кезінде өкпе тінінің созылғыштығы өзгереді. Шар үрлеудің пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Әсіресе аурудың өткір кезеңінде», - дейді дәрігер.

Маман интернетте түрлі әдістердің тарағанын ескере отырып, аурудың өткір кезеңінде, стационарда және реанимацияда тыныс алу гимнастикасы қолданылмайтынын еске салып өтті. Респираторлық оңалту тек науқас жазылып шыққан соң ғана ұсынылады.