«Техникалық реттеу туралы» заң жобасы шеңберінде біз ішкі нарықты «ағарту» және отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын қорғау сияқты маңызды міндетті шешудеміз. Автоматты режимде нарықтың жосықсыз қатысушылары жойылады, ал тиісті сертификаттар айналымнан оңай алынады», - деді сауда министрі Бақыт Сұлтанов.

Ол үшін мемлекеттік бақылау нысаны ретінде жедел ден қою тетігі енгізіледі. Яғни, оны сатушы емес, өнім тексерілетін болады. Егер ол сапасыз болып шықса, онда ол автоматты түрде нарықтан алынады, деп түсіндіді ведомство басшысы

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, бизнес үшін өнімдер мен процестердің қауіпсіздігіне қатысы жоқ артық талаптарды қамтитын НҚА-ны жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Ағымдағы жылы Министрлік аккредиттеу саласында жаңа бағыттарды енгізу бойынша жұмысты белсенді бастады. Аккредиттеудің тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті ауыл шаруашылығы практикасы (Global G.A.P.), Халал, органикалық өнім, жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі, биобанкинг және т.б. сияқты 15 бағыты зерделенеді. Жаңа бағыттарды енгізу процесі екі жүйелі кезеңнен тұрады», - деді министр стандарттар саласындағы жаңалықтармен бөлісе отырып.

Бірінші кезеңде инфрақұрылымды құру, яғни жетекші бағалаушыларды даярлау, ұлттық нормативтік базаны құру; екінші кезеңде - сертификаттау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеу қажет. Осы аккредиттеу схемаларын енгізу өнім мен процестердің сапасын арттыруға, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін өсіруге ықпал ететін болады.