Наурызда қазақстандықтарды COVID-19 қарсы жаппай вакцинациялаудың үшінші кезеңі басталады. Адамдар тіркелген емханаларға жүгіне ме, әлде арнайы нүктелер бола ма? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өзекті мәселе көтерілді. Елордалық №2 емхананың директоры Ләззат Руспекованың айтуынша, қабылдауды емханаларда, бірақ жеке кабинеттерде жүргізу жоспарланған.

«Адамдардың барлығы қайда тіркелгендерін біледі. Қазіргі кезде емханалардың дайындық жұмысы тізімдерді дұрыс құру болып табылады. Бірінші кезекте, әрине, аурудың жоғары қаупі бар пациенттер - бұл диспансерлік топтар, есепке алынған пациенттер. Кесте жасалады. Адамдардың топтасуына жол бермеу керек. Тіпті вакцинацияның өзі жалпы емес, міндетті түрде жеке егу кабинетін қажет етеді. Тізімдер жасалып, біртіндеп халыққа екпе жасау басталады. Егер мұндай қажеттілік болса, әрбір емхана тіркелген халықтың жүктемесі мен санына байланысты 3-5 егу кабинетін ұйымдастырады», - деді дәрігер.

Сондай-ақ ол егу паспорттарын қолдан жасауға немесе сатып алуға болады деген қауесетті жоққа шығарды. «Бұл мүмкін емес. «Вакцинация» деп аталатын ақпараттық жүйе бар. Бұл құпия ақпарат, ол қолжетімсіз. Оның үстіне, электронды анықтамалар мен паспорттарды қолдан жасау мүмкін емес», - деп жауап берді Рүспекова.