Некені тіркеуге QR-код арқылы өтініш беруге болады.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру барысында сөз сөйлеген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев QR-кодты сканерлеу жолымен egov.kz порталында қол жеткізуге болатын мемлекеттік қызметтер тізімін жариялады.

Оның айтуынша, техникалық мамандар осы айда алғашқы қызметтерге QR-код арқылы қол қоюға болатындай жұмыс істейді. Осындай мүмкіндікті іске асыратын алғашқы қызметтер қатарында: некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, баланы балабақшаға кезекке қою, заңды тұлғаны ашу, салық есептілігін қабылдау (250-нысан) болады.

«Бұл қызметтерді компьютер көмегімен пайдаланған кезде, ЭЦҚ қол қою орнына, адам QR-кодты сканерлей отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті алуға арналған сұранымға қол қоюы жеткілікті болады. ЭЦҚ пайдалану үшін компьютерде қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ», - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.