Қазіргі заманның жарқын саясаткері - АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» халықаралық конференциясына қатысу ұсынысына алғашқылардың бірі болып үн қосты. Оның пікірінше, дәл осы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан аймақта көш бастады.

«Мен Америка Құрама Штаттарынан көп жылдар бойы таңқалдырған және білетін адам Назарбаеваға бүкіл ғаламшар арқылы сәлем жолдаймын. Президент мырза, - мен әрдайым осылай айтамын, - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!»,- деп бастады сөзін Райс.

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтті.

«Баршаңыз білетіндей, Президент Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті атанып, елдің дамуы үшін жол бастады. Тұңғыш президенттер әлбетте жол көрсетуші болады. Америкалықтардың жолы болды – біздің бірінші президентіміз Джордж Вашингтон еді, ол американдық құндылықтардың біздің болашақта қол жеткізген істеріміздің негізіне айналатынын білді. Ядролық қаруды көптеген мемлекеттер қалдыруға ниеттенгенде шақта одан бас тарту, ғажайып елорда Астананы салу туралы шешімді қабылдау, билікті жаңа басшылыққа шынымен бейбіт түрде табыстау туралы шешім қабылдау – бұның бәрі Тұңғыш Президенттің сүйген елі – Қазақстан үшін жасаған жақсылықтары. Ол елдің қарқынды дамуы үшін шешуші рөл атқарды және бүкіл әлемге үлгі болды», - деді АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.

Кондолиза Райс сондай-ақ, профессор ретінде Қазақстанда Назарбаев құрметіне аталған университеттің бар екеніне ризашылығын жеткізіп, жас қазақстандықтар және әлемнің басқа елдерінен келіп, бұл жерде білім алатындар оның есімін және еңбегін әрдайым біліп бағалайтынын атап өтті. Сонай-ақ, өзі өте жақсы көретін елі Қазақстанға келуге ниетін білдірді.