Бұл жолы кәсіби менеджерлердің аз ғана санын іріктеу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

«Бұл іріктеудің алдыңғыдан басты ерекшелігі - ол нақты жүргізіліп, мемлекеттік органдардың нақты қажеттіліктеріне қарай жүргізілетін болады. Бұл ретте іріктеу процесіне салалық мамандарға қажеттілігі бар мемлекеттік органдардың өзін тарту ұсынылып отыр.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарға ұсыныстар беру туралы сұраныстар жолданды», - деді Жайылғанова.

Құжаттарды қабылдау автоматтандырылған онлайн-платформада жүргізіледі. Қашықтан тестілеу интеллект, логика, сыни ойлау және стресске төзімділік деңгейін көрсетеді. Жоғары балл жинағандар кейстік міндеттерді шешуге жіберіледі.

«Бұл тәсілдің бірегейлігі – жобада қызметкердің әлеуеті бағаланады, яғни оның орта және ұзақ мерзімді перспективада жаңа кәсіби міндеттерді шешудегі табыстылығын, резервке үміткер ретінде белгілі бір жұмыс жағдайларында қалай әрекет ететінін және оның қаншалықты тиімді екенін анықтайтын салыстырмалы түрде тұрақты қасиеттер жиынтығы. Сараптамалық комиссияда қатысушылармен әңгімелесу күндізгі режимде өткізіледі. Осы кезеңнің барынша ашық болуын қамтамасыз ету үшін бақылаушылар ретінде қоғам қайраткерлері, депутаттар, сарапшылар шақырылады. Іріктеудің соңғы кезеңі ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болады», - деп түсіндірді Анар Жайылғанова.

Әрбір кезең, сондай-ақ қатысушылардың рейтингтері Агенттіктің ресми сайтында ғана емес, әлеуметтік желілерде де жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу алғаш рет 2019 жылы өткізілді. Ең даярланған және құзыретті 300 үміткердің 153-і бүгінгі күні жұмысқа орналастырылды. Саяси қызметтерге 10 адам, «А» корпусының қызметтеріне екі адам тағайындалды.