Сенатор Ақылбек Күрішбаев Қазақстанға импорттық асыл тұқымды малмен бірге экзотикалық қауіпті инфекциялар әкелінетінін, ал АШМ бұл туралы хабарламайтынын мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлжан Нұртазина осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол ауру «жұқтырған» ірі қара мал импорты болғанын, бірақ бұл жағдайдың 2012 жылы орын алғанын еске салды. Сол кезде Австриядан 720-ға жуық ірі қара мал әкелінген. Ал міндетті үш апталық карантин кезінде малдан қауіпті Шмалленберг ауруы анықталған.

2012 жылы ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы іске асырыла бастады, сол жылы Қазақстанға шет елдерден асыл тұқымды мал, атап айтқанда ірі қара мал әкелінді. Олар Австрия, Чехия, Канада, АҚШ, Ирландия, Австралия және Ресей елдерінен импортталды. 2012 жылдың соңында Австриядан СҚО-ға 70-ке жуық ірі қара мал жеткізілді. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес, экспорт және импорт кезінде жануарлар 21 күндік карантинге алынады. Бұл талап жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуын дер кезінде анықтау, сондай-ақ оны болдырмау үшін қажет. Тиісінше, СҚО-ға жеткізілгеннен кейін бұл жануарлар карантинге алынып, тексерілді, нәтижесінде олардан Шмалленберг ауруы анықталды. Естеріңізде болса, сол жылы Шмалленберг ауруы алғаш рет Еуропалық одақ аумағында табылған, және, сәйкесінше, бұл ауру туралы мәлімет аз болды. Осы ауруды дер кезінде анықтаудың арқасында бірқатар қатаң шаралар қабылданды. Карантин кезінде бұл жануарлардың барлығы жойылып, аурудың таралу мүмкіндігі тоқтатылды. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы Шмалленберг ауруынан таза деп айтуға болады. Менің ойымша, ветеринарлық қызмет уақытылы шаралар қабылдады. Қазақстан аумағында жалпы аса қауіпті ауруларды тіркеуге қатысты белгілі бір талаптар бар, оларды сақтау қажет. Бұл Ветеринарлық қызметтерге уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Дегенмен, бірқатар аурулар тіркеледі, бірақ олар жаңа аурулар емес және экзотикалық болып табылмайды, бұл ел аумағында бірнеше жылдан бері кейде тіркелетін аурулар, бірақ уақытылы қабылданған талаптардың арқасында ауру таралмайды», - комитет басшысы.

Сонымен қатар, спикер Қазақстанға басқа елдерден жануарларды әкелу кезінде міндетті түрде ветеринариялық сертификаттарды алып жүру қажет екенін атап өтті. Олар жануарлардың әрбір партиясына беріледі, яғни ветеринариялық қызмет осы құжатпен жануарлардың эпизоотиялық тұрғыдан қолайлы аумақтардан шыққанын, сондай-ақ белгілі бір аурулар, атап айтқанда, аса қауіпті аурулардан таза екендігін куәландырады. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін ветеринариялық қызметтің рұқсатын алу қажет. Ол елдің ғана емес, сонымен бірге аймақтың эпизоотиялық әл-ауқаты, жануардың түрі, онда қандай аурулар туындауы мүмкін, сондай-ақ жануарлардың осы партиясы әкелінетін маршрут сияқты нақты критерийлерді тексергеннен кейін шығарылады.

Қазір БАҚ-та Қазақстан аумағында белгілі бір аурулардың тіркелгені туралы бірқатар ақпарат тарады. Бірақ бұл ресми түрде расталған жоқ. Егер шаруашылықта өлім немесе қандай да бір аурудың клиникалық белгілері тіркелсе, жануарлардың иесі ауылдық округтің немесе ауданның ветеринариялық қызметіне хабарлауға міндетті, тиісінше ветеринариялық дәрігер аудандық аумақтық инспекцияның ветеринариялық инспекторына хабарлайды. Содан кейін барлық ақпарат облыстық аумақтық инспекцияға жеткізіледі. Осыдан кейін комиссия ұйымдастырылады, ол сол жерге барып, тексереді, эпизоотологиялық тексеру жүргізеді, сынамалар алып, зертханаға жібереді. Ауру зертханада расталғаннан кейін ғана диагноз қойылады. Тек осы жағдайда ғана ауру ресми түрде тіркелген болып саналады және сәйкесінше, барлық ветеринариялық шаралар қабылданады. Сондықтан осы талаптарды орындау үшін бұл ақпаратты жануарлардың иелеріне жеткізулеріңізді сұраймын», - деді сарапшы фермерлерге қаратып айтқан сөзінде.