Көптен күткен шекаралық ынтымақтастық орталығы. Отандық кәсіпкерлер мен олардың серіктестері қазақ-өзбек бірлескен жобасына бұрыннан қызығушылық танытып келеді. Бүгін халықпен есеп беру кездесуінде ҚР Ссауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.

«Орталық Азия бағыты біз үшін маңызды. Сауданы арттырудың ең жылдам және тиімді тәсілі - жақын көршімен сауда жасау. Мемлекет басшысының, Тұңғыш Президенттің нақты тапсырмасы болды. Бұл мемлекеттердің басшыларының уағдаластығы болды: «Орталық Азия» деп аталатын және бүкіл өңірдің дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру. Екі елдің салалық министрліктері арасында тиісті жол картасына қол қойылды, орталық орны анықталды. Ол жерге өзім бардым, премьер-министр болашақ құрылыс орнымен танысты», - деді министр.

Халықаралық мәртебесі бар үлкен сауда орталығы біздің жақта «Жібек Жолы» өткізу пункті мен өзбек тарапынан «Гишт Купир» аумағында ашылады. Алдағы айларда барлық келісулер жүзеге асырылады және нақты нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Құрылыстың өзі 2-3 жылға жуық уақытқа созылады.

«Біздің міндетіміз - орталықты барынша тез іске қосу. Екі елдің азаматтары үшін сауда жасауға және жедел өзара алмасуды қамтамасыз етуге қолайлы болуы үшін жаңа өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр. Бұл аумақта түрлі мемлекеттік бақылау органдары, ХҚКО, уақытша сақтау қоймалары, көлік-логистикалық орталық болады. Ең бастысы, сыртқы сауда көрсеткіштерін күшейтуге мүмкіндік беретін өнімдерді қайта өңдеу орталықтары орналастырылады», - деп жауап берді салалық ведомство басшысы.