«Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін аталған санаттағы автомобильдерді тіркеу кезінде ХҚКО жұмысы алдын ала брондаусыз және жексенбі күндері ұйымдастырылған», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында.

ІІМ өкілінің айтуынша, сол жерде ХҚКО мұрағаттарында Арменияда берілген техпаспорттар мен мемлекеттік номерлер автокөлік иелері талап еткенге дейін сақталады. Оларды қайтару автомобиль Қазақстанда тіркеу есебінен шығарылған жағдайда меншік иелерінің сұрауы бойынша жүзеге асырылады.

Анықтама үшін: бүгінгі күні тіркеуге жататын 14 мыңнан 10 мыңнан астам автомобиль тіркеуден өтті. Күн сайын 400-ге жуық автомобиль тіркеледі.

Сондай-ақ, Серік Түсіпов автокөліктерді тіркеген азаматтардың Қазақстанда техникалық байқаудан өтуге және отандық тіркеуі бар автомобильдерге арналған баға бойынша өз көліктерін сақтандыруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.