Құрылыс индустриясын цифрландыру. Қазақстанда арнайы ахуалдық орталық жұмыс істейді, онда «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылатын 900 нысан бойынша ақпарат бар. Тағы бір негізгі құрал – «Құрылыс Материалдарының Маркетплейсі» тұжырымдамасы. ОКҚ-да өткен брифингте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев құрылыс индустриясын цифрландыру арқылы тұрғын үй құрылысын дамыту туралы баяндады.
«Бұл тақырып бұрынғыдан да өзекті, өйткені құрылыс материалдары импортының үлесі кейбір позициялар бойынша 60% асады. Бұл құрылыстың жоғары өзіндік құнының негізгі факторларының бірі болып табылады. Біз 123 құрылыс материалдарын өндірушіге сауалнама жүргіздік, олардың 70%-дан астамы біздің бастамамызды қолдайды. Маркетплейс отандық өндірушілерді, құрылыс салушыларды, логистикалық компанияларды қандай да бір делдалсыз тікелей қосуға, барлық тараптардың операциялық шығыстарын орта есеппен 20%-ға қысқартуға және тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Әнуар Омарқожаев.
Оның атап өтуінше, құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, өз өнімдерін кепілді өткізу және өндірістік қуаттардың жүктемесі мүмкіндігіне ие болады. Ал бұл қазақстандық қамту үлесінің артуын ынталандыратын болады. Жобаны әзірлеуді биыл аяқтау жоспарланған.