Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында ҚР ДСМ ҚДСҰО «СЭЭжМГПО» филиалы директорының орынбасары Манар Смағул мәлімдеді.

Вакцинацияның маңыздылығы туралы айта келе, маман вакциналардың дамуы медицинаның ең үлкен жетістігі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде вакцина жұқпалы ауруларға қарсы тиімді қорғаныс шараларының бірі болып табылады. Вакцинацияның арқасында табиғи шешек сияқты ауру жойылып, қызылша мен қызамықтың күрт төмендеуіне қол жеткізілді. Қазақстан полиомиелит жоқ елге айналды.

«COVID-19 пандемиясы кезінде мүмкіндіктері мен әлеуеті бар барлық елдер осы вакцинаны жасауға бар күштерін салғаны ешкімге құпия емес. Біз 8-10 ай бойы карантин жағдайында тұрып келеміз, үнемі шектеулер қойылады. Оны вакцина арқылы еңсере аламыз, бұл қозғалуға, қарым-қатынас құруға еркіндік береді. Оның арқасында SARS-CoV-2 вирусының таралуы мен айналымын тоқтатамыз деп үміттенемін», - деді М.Смағұл.