Шымкент қаласында Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылған. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға көшіру жұмыстары қолға алынды.
«Қалада 165 мемлекеттік қызмет көрсетілетін болса, соның 88 пайызын электронды түрде алуға болады. Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешу үшін «109» желісімен «iKomek» байланыс орталығы іске қосылды. Орталық тәулігіне 24 сағат демалыссыз халыққа қызмет көрсетуде», - деді қала әкімі.
Бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін келер жылдан бастап қаладағы 4 аудан әкімдігі тарапынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілді. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі жасалды. Сондай-ақ, 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 200 үлкен көшенің бойында және 120 көше қиылысына «Сергек» камераларын орнату жоспарланған.