Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Құмар Ақсақалов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясындағы Солтүстік Қазақстан облысының басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.

Биылғы 10 ай ішінде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 13,3% – ға (ҚР-8,2%) өсті, бұл 170 млрд. теңге. Оның ішінде, 82% - ы жеке инвестициялар.

Үстіміздегі жылдың 10 айында агросекторда өнім көлемі 2,6% - ға, өнеркәсіпте -1,1% - ға өсті. Құрылыс жұмыстары 3,9% - ға, тұрғын үй – 2% - ға, тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар-24% - ға өсті. Соңғы 3 жылда сыртқы сауда айналымы 13% - ға өсті. Бұл ретте, экспорт 1,3 есеге артты.

Биылғы жылы экспорт 15,4% - ға өсіп, 141 млн. теңгені құрады. Импорт 1% - ға қысқарды.

Жыл қорытындысы бойынша ЖӨӨ экономиканың базалық салаларын сақтау есебінен 1 трлн. 300 млрд. теңге болады деп күтілуде.

Енді өңірдің дамуына толығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.

Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Соңғы 3 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1,3 есеге - 411 млрд теңгеден 516 млрд теңгеге дейін өсті. Облыс экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы ЖӨӨ-нің төрттен бір бөлігін алады.

Биыл солтүстікқазақстандық аграршылар 5,1 млн. тоннадан астам астық жинады.

СКО-да - агроөндірісті әртараптандырудың ең жоғары деңгейі қалыптасқан.

Бұл шаруашылықтардың кірісін көбейтеді және тиісінше ауыл тұрғындарының табысын арттырады. 2016 жылдан бастап майлы дақылдар алқабы 2 есеге (1 млн.га) өсті. Бұл - ҚР бойынша барлық алаңдардың 35%-ы. Олардың экспорты 75,8 мың тоннадан 157,6 мың тоннаға дейін - 2 есеге артты. Негізінен Еуропа (Бельгия, Польша, Латвия, Германия) және Ресейге шығарылады.

Жоғары өнімді қазіргі заманғы сандық сүт фермалары құрылуда.

Барлығы 17 ферма жұмыс істейді, биыл 1600 сиырға арналған 3 сандық сүт кешені салынды. 2020 жылы тағы да 5 мың сиырға арналған 10 заманауи ферма салу жоспарлануда. "Ақылды" сүт кешендерінің жұмысынан сүт өндірісін жылына 20 мың тоннаға ұлғайтуды күтеміз.

СҚО-да жан басына шаққанда 1 тонна сүт немесе жылына 550 мың тонна сүт өндіріледі. Дүкен сөрелерінде жергілікті сүт өнімдері 7% - ға артты, ал ассортименті 210-нан 232-ге дейін өсті.

Ет өңдеу бойынша - Орталық Азияда ірі "EMC Agro" ЖШС ет комбинаты мен ірі шошқа кешені іске қосылды. Оған 5 млрд. теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна ет өндіреді, 3 мың тонна дайын өнім шығарады.

Мемлекет Басшысы қойған – шикізаттық бағыттылықты төмендету міндеті жүзеге асырылуда.

2019 жылғы қаңтар - қыркүйекте қайта өңделген (шикізат емес) өнімнің сыртқы сауда айналымы 83 млн. долларға жетіп, 208 мың тоннаны құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 21% - ға көп, ол экспорттың 64% - ы.

СҚО агросекторға инвестиция тарту бойынша көшбасшы болып табылады. Республикалық көлемнің төрттен бір бөлігі (86,3 млрд.теңге) СҚО-ға тиесілі. Тек соңғы үш жылда облыстың АӨК-не 200 млрд. теңгеден астам қаржы инвестицияланды.

Облыс орталығында "Kyzyljar"арнайы экономикалық аймағы ашылды. Аймақ құру өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады. "Qyzyljar" АЭА Петропавл қаласында 4 субзон түрінде орналасқан, оның 3-уі өңдеу өндірістерін құруға, бір субзон құрылысқа бөлінеді. Бұл Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарындағы жалғыз арнайы экономикалық аймақ. Бастапқы инвестициялардың сомасы 160 млрд.теңгені құрайды. 3 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.