Тек екі жағдайда ғана ондай мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

Бірінші жағдайда, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жалғыз басты әкелер, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы адамдар және бірінші, екінші топтағы мүгедектер. Тергеумен белсенді жұмыс істеген күдіктілерге қатысты жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін.

«Залал толық өтелген және жазаны өтеу кезеңінде жазалар болмаған жағдайда, азаматтардың аталған санаттары жазаның белгілі бір мерзімін іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қалған барлық азаматтарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жойылады. Адамдар сот тағайындаған жазаны толығымен өтейді. Бұл шараның елеулі профилактикалық әсері болатынына сенімдімін. Әр адам заңсыз іс-әрекетке бармай тұрып, ойлануы керек», - деді жемқорлыққа қарсы ведомствоның өкілі.