Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Юрий Ильин Іле Алатауы тауларында қаза тапқан Ерман Бәйменовтың отбасына қолдау білдірді. Құтқарушылар оны екі тәулік бойы іздеді, бірнеше сағат бойы көтеріп жүрді, бірақ құтқара алмады.

«Оны көріп тұрып, құтқарған жоқ деп жазған БАҚ-тарға, әсіресе, жағымсыз ақпарат көп жазатын блогерлерге айтарым: Республикалық жедел құтқару жасағы мен Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің жедел топтары күндіз-түні іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ол ұялы телефонының геолокациясынан бір шақырым жерден табылды. Бүгінгі күні оның және біздің құтқарушылардың дыбыстарды, айқайларды естігені туралы ақпаратты растайтын фактілер жоқ. Оны тауып алғанда аяғы үсіп қалыпты, жіп тәрізді импульс болды. Неге әуе техникасын қолданбадық? Іздеу жұмыстары барысында екі күн бойы тікұшақты бірнеше рет ұшыруға тырыстық. Бірақ Қазақстан аумағында бәріне ортақ бірыңғай авиациялық қауіпсіздік қағидалары бойынша «Қазавиақұтқару» бөлімшелеріне құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласының әуежайынан ұшуға рұқсат берілмеді. Алайда, аспан іздеу аумағында ішінара ашық болса да, тікұшақ ұшып шығатын Алматы қаласында бұлттылық төмен, мұздану және тұман байқалды. Біздің қызметкерлер бұл азаматты кеше сағат 15-ке қарай тапты, оны жеткізбек болдық. Оны асудың бойымен бір шақырымнан астам жер көтеріп жүріп, қолайсыз ауа райы жағдайында, күрделі рельефте 3 шақырымнан артық жерге тасымалдау керек болды. Тиісінше, тапқаннан кейін оны жылыту бойынша барлық шаралар қабылданды, оны арнайы зембілдерге салып, жылы киіммен қамтамасыз етті, бірақ, өкінішке орай, құтқарушылар апаттар медицинасы орталығының кезекші бригадасына шыққан кезде дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты», - деп түсіндірді құтқару операциясының барысын министрлік басшысы.

Сондай-ақ ол Алматы мен Алматы облысында белсенді демалысты ұнататын жандарға шұғыл жағдайда кімді және қайдан іздеуді білу үшін маршрутты алдын ала жоспарлауды және құтқару қызметінде