Денсаулық сақтау министрлігі тексерген түрлі тауарлардың 28 мың үлгісінің 15% - ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін бақылау карантин кезеңінде де тоқтаған жоқ.

«Пандемияға қарамастан, бір жыл ішінде біз азық-түлік қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз еттік. Осылайша, өнім қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы бойынша әртүрлі тауар түрлерінің 28 мың үлгісі бақылау сатып алумен қамтылды, оның 15% - ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді (4173 үлгі). Сәйкессіздік құс етінде – 13,2%, ет өнімдерінде – 12,4%, сүт өнімдерінде – 12%, кондитерлік өнімдерде – 11,8%, балық өнімдерінде – 11,1% және басқа тамақ өнімдерінде – 39,5% анықталды»,- деді М.Шоранов.

Сонымен қатар, азық – түлік емес тауарлардың 9718 үлгісі бақылау сатып алумен қамтылды, оның ішінде 2114-і сәйкес келмейтіндігі анықталды, бұл 21,8% - ды құрады. Сәйкессіздік балаларға арналған тауарларда анықталды – 46,5%, оның ішінде ойыншықтар – 38%; адамның терісімен жанасатын бұйымдарға арналған материалдар, киім, аяқ киім – 33,5%, парфюмерлік-косметикалық құралдарға – 7,3%, тұрмыстық химияға – 5,6% және өзге де тамақ өнімдеріне – 3%.

Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылданды.