Таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу тауарлардың ашық цифрлық ізін жасау үшін қажет. Бұл шара нарықты жаңартуға және халықтың тұтыну сапасын арттыруға бағытталған. Бірақ жүйенің жұмыс істеуі үшін барлық сауда желілері, гипермаркеттер және шағын «дүкендер» ЭЦҚ көмегімен тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркелуі керек, сондай-ақ кассалық бағдарламасын жаңартып, арнайы кодтарды оқуға мүмкіндік беретін 2D сканер сатып алуы керек. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева толығырақ айтып өтті. Оның бөлімі процедураның бірыңғай операторы болып тағайындалды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикер балама жолдарға да тоқталды.

Біріншісі – арнайы әзірленген NaqtySauda.Kassa қосымшасы. Оны телефонға жүктеуге, қосымшаны бақылау-кассалық машина ретінде тіркеуге және оның көмегімен таңбаланған өнімді сату кезінде сканерлеуге болады.

«Іс жүзінде бөлшек сауда нүктелері арқылы сатылатын тауарлардың барлық номенклатурасында онлайн-кассалар болуы керек. Олар өнімді екі өлшемді сканерлер арқылы тауарларды шығара алуы керек, өйткені Data Matrix кодын кассир оқи алмайды және қолмен енгізе алмайды. Сондықтан осындай сканерлерді сатып алу қажет. Бүгінгі таңда осы сканерлерді шығаратын 10-нан астам вендор бар. Бұл ақпараттың барлығы «markirovka.kz» сайтында бар. Бұдан басқа, біздің уәкілетті органның өтінішімен, сондай-ақ бизнестің өзінің өтініші бойынша біз іс жүзінде толыққанды БКМ болып табылатын, бірақ Data Matrix кодты өшіру мүмкіндігі бар тегін мобильді қосымша әзірледік. Бұл қосымшаны Google Market-тен жүктеуге болады, кез келген смартфонға орната аласыз және осылайша таңбаланған тауарлардың шығарылуын жүзеге асырасыз. Бірақ, бұдан басқа да қосымша бар екенін атап өткім келеді. Бұл қызметті NurKassa, WebKassa, ReKassa сияқты серіктестер де ұсынады. Сондықтан бөлшек сауда дүкендерінде таңдау бар», - деді бірыңғай оператордың өкілі жаңа талаптарды енгізудің балама және қымбат емес жолдары жайлы айта отырып.

Сондай-ақ, Бикеш Құрманғалиева таңбалаудың артықшылықтарына тоқталды. Біріншіден, бұл толықтай цифр және қағаздардан бас тарту.

«Яғни, жүйе тауарды электронды актілер бойынша қабылдай алады және сату онлайн касса арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, таңбаланған тауарды сату бойынша барлық транзакциялар реттеушіге беріледі және салық төлеушілердің деректерін тексермеуге мүмкіндік бар, өйткені олар реттеушінің базасында орналасқан. Сондай-ақ, бұл шешімдер бизнесті оңтайландыруға және оны бөлшек сауда дүкендері иелері үшін бақылауға алуға көмектеседі», - деді спикер роликтер түріндегі барлық «кеңестер» сайтта жарияланғанын айта отырып.

Сонымен қатар, сатушылармен жұмыс бойынша тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді.