Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, күрделі жағдай сақталып отыр. Пандемия басталғалы індетті жұқтырудың 14000 жағдайы тіркелді. Облыс ауруханаларында 659 адам емделіп жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны 1,7% құрайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО әкімі Даниал Ахметов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.

Оның айтуынша, індетті жұқтырған 119 оқушы кезекші сыныптарда оқыған. Індет табылғаннан кейін барлық 93 мектеп жабылып, оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

«Вирус көбінесе үй жағдайында жұққан. Бүгінгі таңда облыс ауруханаларында оқушылар жоқ. Толық медициналық жабдықталған, 6,2 мың төсек-орын дайындалды. Бүгінгі күні 3,7 мың орын іске қосылды. Инфекциялық бөлімдердегі емделушілер, оксигенотерапиямен 100% қамтылған. Ауыр науқастарға 3200 иммундық плазма дозасы дайындалды, бұл елдегі жалпы қордың 60% құрайды. Сонымен қатар дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды. Емдеудің тиімділігі үшін коронавирус инфекциясының жеңіл және орташа ауырлығы бар 6200 науқасты осы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету есебінен фавипиравир препараты сатып алынды. Препарат 12 қарашадан бастап пациенттердің келісімімен облыстың ауруханаларында қолданылатын болады. Нәтижелері жақсы», - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысы техникалық қамсыздандыруға да тоқталып өтті. Тәулік бойы және демалыссыз 15 компьютерлік томограф жұмыс істейді. 1 желтоқсаннан бастап қосымша 3 жаңа КТ аппараты пациенттерді диагностикалауды бастайды. Тағы 67 рентген-аппараты бар. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған 16 жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді. Жалпы, өңірдегі жедел жәрдем көліктерінің саны 2,5 есеге көбейді. ПТР зертханалар саны – 20.

«Барлық ПТР-зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 16 мың тестті құрайтын бірыңғай облыстық желіні құрайды. Пандемия басталғалы бері 355 мың тест, оның ішінде қарашаның 17 күнінде 57 мың зерттеу жүргізілді. Пандемиямен күрес шеңберінде өңірдің денсаулық сақтау саласына қажетті жабдықтарды сатып алуға және негізгі құралдарды жаңартуға 22,4 млрд теңге жұмсалды. Бұдан басқа, 1,9 млрд теңге көлемінде жоғары сұранысқа ие дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды. Жағдайды бақылау және жедел шаралар қабылдау үшін КВИ ошақтарын оқшаулау орталығы құрылды, ол зертханалардың деректері бойынша жұқтырғандарды талдаудан бастап, ошақтарды жоюға және медициналық-эпидемиялық бригадалардың жұмысын үйлестіруге дейінгі түрлі мәселелермен айналысатын 5 цифрлық модульді біріктіреді», - деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кетейік, орталық деректері негізінде 584 медэпидбригада жарты ай ішінде инфекцияның 3,5 мың ошағында 10 мың байланыста болған адаммен профилактикалық жұмыс жүргізді. Қажет болса, бригадалардың санын тағы 100-ге көбейтуге болады.