Арыс қаласындағы оқиғаларға арналған онлайн-баспасөз конференциясына қатысқан Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасарының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда қалада төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі жиынтық жасақ жұмысын жалғастыруда. Бір апта бұрын жұмыстарды жалғастыру үшін десанттық-шабуылдау әскерлерінің инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері келді.

Спикер атап өткендей, биылғы негізгі күш-жігер үш бағытқа бағытталған.

Бірінші. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қала аумағын және оған іргелес елді мекендерді 20 километр радиуста профилактикалық тексеру жүргізу.

Екінші. Қойманың ішкі аумағын жарылу қаупі бар оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту. Жарылыс қаупі бар оқ-дәрілердің фрагменттерінен тазарту жөніндегі міндеттерді орындайтын халық пен әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Үшінші. Көрші аумақта қалған инженерлік оқ-дәрілерді түгендеу.

"Арыс қаласының жергілікті тұрғындарына қалыптасқан жағдайды түсінгені, жарылыс қаупі бар заттар, тәртіп туралы уақытылы хабарлағаны және біздің әскери қызметшілерімізге қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіргім келеді", - деп атап өтті Руслан Шпекбаев.