Биыл өңірде жыл соңына дейін бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандар іске қосылады. Солардың бірі - Түпқараған ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика. Жобаның жалпы құны - 5 млрд. теңге, 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында құрама жем зауыты, Жаңаөзенде газ өңдеу зауытына қажетті энергия өндіретін кәсіпорын, Жетібайда жел электрстанциялары ашылады. Биыл онкологиялық диспансердің де құрылысын аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Ақтауда жұқпалы аурулар ауруханасы, 900 орындық жаңа мектеп, кітапхана мен көпсалалы спорт кешенін ашып, халықтың игілігіне береміз», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңірде тағы да бір театр салу жоспарланып отыр.