«Бәріміз балалық шақтан шықтық». Бұл қанатты сөзді көбі біледі және бір қарапайым нәрсені түсіну үшін керемет психолог болудың қажеті жоқ - адамның ең маңызды қасиеттері бала кезінен, ананың құрсағында қалыптасады. Аналар өзінің мейірімділігімен, махаббатымен, қарым-қатынасымен, кейде керісінше, күшімен және сабырлығымен адам болатын материяны қалыптастырады. Арыстанбек Мұхамедиұлының «Великие матери выдающихся личностей» кітабының тұсаукесерінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Qazaq TV» директоры Майя Бекбаева осындай ойларымен бөлісті.

Оның айтуынша, әкенің рөлін төмендету немесе бағаламау мүмкін емес, бірақ өмірінің алғашқы және маңызды кезеңін әр адам анасының жанында өткізеді.

«Мен бұл кітапты болашақ және қазіргі аналарға оқуды ұсынар едім. Бен Карсон, Мұхаммед Әли, Томас Эдисон, Дмитрий Менделеев, Ататүрк, Шарль Де Голль туралы әңгімелерді оқығанда «тәрбие» сөзінің, яғни адам өзегінің мағынасын түсінесің. Бұл ретте әрбір ана маңызды бір жайтты естен шығармауы тиіс - баланы немен тамақтандыратының емес, онымен не жайлы сөйлесетінің, оған оқуға қандай кітап беретінің маңызды», - деді ана әлемге әйгілі нейрохирург Бен Карсонды дүниеге әкелген қатал болса да көреген «әріптесін» есіне ала отырып. Ол ұлдарына теледидар көруге тыйым салып, балалардың қызығушылығы мен назарын ғылымға бағыттаған.

«Қазіргі кезде бұл өзекті: балаңыздан гаджетті, телефонды тартып алып, оны компьютерге немесе теледидарға жолатпау. Балаңызға ұнайтын істі тауып, сөйлесіңіз, оның бейімділігін, талантын анықтаңыз, ол өзін қалай көрсете алады?! Бұл кітаптан әлемді ерлер басқаратынын, бірақ олардың анадан туатынын түсінеміз», - деп атап өтті тележүргізуші.