Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін заңнамаға түзетулерді 2020 жылдың соңына дейін енгізу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат тұратын ем ақысын төлеу немесе жекеменшік басқарушы компанияларға басқаруғ беру үшін пайдалану тәсілдерін әзірледі. Тиісті тәсілдерді мемлекет басшысы мақұлдады. Оларды іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдау жоспарланып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында заңнамаға тиісті түзетулер дайындалды», - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол сондай-ақ 1998 жылдан бастап жинақтаушы жүйе енгізілгенін еске салды. Қазіргі зейнеткерлерге ақша үш түрі беріледі – жасына байланысты зейнетақы, базалық және жинақтаушы. Бірақ БЖЗҚ-да жинақтардың рөлі жылдан жылға артып келеді. Болжам бойынша, 2040 жылдан бастап олар болашақ төлемдер жасаудың жалғыз көзі болады. Ведомство басшысы нақтылап өткендей, зейнетақы жинақтарын сәйкес мақсаттарға қолдау құқығын келесі азаматтар санаты пайдалана алады:

  • жұмыс істейтін, жасы бойынша «жеткіліктілік шегінен» асатын зейнетақы жинағының қолжетімді көлемі бар азаматтар (болашақ жұмыс кезеңі мен жүйелі түрде зейнетақы жарналарын төлеуді ескере отырып, зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін ең төменгі зейнетақыдан төмен емес деңгейде зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге жеткілікті зейнетақы жинағының мөлшері);
  • сақтандыру компанияларымен ең төменгі зейнетақыдан төмен емес мөлшерде өмір бойы аннуитеттік төлемді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шартына отырған тұлғалар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинағы сомасы шегінде (шамамен); зейнетке шыққан азаматтар (оның ішінде күштік құрылымдар қатарынан);
  • БЖЗҚ қалған зейнетақы қаражатының 50%-нан аспайтын шекте. Егер олардың зейнетақыларының жиынтық мөлшері (жасына немесе еңбек өтіліне байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны және зейнетақы жинағынан төлемдерді қоса алғанда) жоғалған табысты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде алмастыруды қамтамасыз етсе (кемінде 40%).

Зейнетақы қорынан алынатын ақшаны тұрғын үйді жөндеуге, ипотекаға, қолданыстағы ипотеканы қайта қаржыландыруға немесе емделуге алуға болады. Сонымен қатар, жинақталған қаржы азаматтардың туыстарының қажеттіліктері үшін де беріледі.