Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жастардың цифрлық және кәсіптік білім деңгейін арттыру, спорттық және шығармашылық әлеуетін дамыту мәселелеріне назар аударды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов хабарлады. Міндетті іске асыру құралдарының бірі – «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасы.

Ол 9 қарашада басталып, 8 желтоқсанға дейін жалғасады. Жастар Конгресінің бастамасына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетеді.

«Жобаның негізгі мақсаты - жастарды жаңа шындыққа біріктіру, зияткерлік қабілеттерін, жеке капиталдарын, дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау, жаңа қырларын ашу, кәсіпкерлік, Волонтерлік қызметті дамыту, - деді комитет төрағасы Шахмардан Байманов.

Ұйымдастырушылардың идеясы бойынша, жоба өзін-өзі дамытуға жағдай жасайтын жаңа форматта жұмыс істеу үшін белсенді және өршіл адамдарды біріктіруі тиіс. Сонымен қатар, жоба тар бағыттармен шектелмейді. Іс-шара барысында қызметтің түрлі салаларында жастармен ашық пікірталастар, танымал тұлғалармен онлайн конференциялар өткізу, 2025 жылға дейінгі жастарды қолдаудың кешенді жоспарының жобасын талқылау жоспарлануда.

Бұл жоба жаңа жағдайда мемлекеттік жастар саясатын қолдаудың логикалық жалғасы болып табылады. Жоба төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жобаның ашылу салтанаты; Online Bilim - жастардың жеке дағдылары мен құзыреттерін арттыру; Online Dialog - пікір және тәжірибе алмасу бойынша пікірталастарға арналған онлайн алаң; Open Talks - жастардың өз дағдыларын, идеяларын, стартап-жобаларын, волонтерлік бастамаларын және т. б. көрсетуге бағытталған іс-шара.