Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағынов журналистің қойған сұрағына берген жауабында осылай деді. Оның айтуынша, бұл жалпы республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды салуға, қайта өңдеуге, жөндеуге бөлінетін қаржы.

«Осының барлығы жолдың жағдайын түзеу үшін беріледі. Біз сапаға көңіл аударамыз. 20 мыңға жуық жолды тексердік, осының барлығы жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен жергілікті шартпен жасалып жатқан жұмыстар. Қазіргі кезде жергілікті бюджеттермен 2 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді спикер.

Замир Сағынов жол қауіпсіздігі мәселесі Орталық міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бұдан басқа, жолдардың сапасын бақылау, нормативтерді өзгерту және жаңа технологияларды енгізу, оларға мониторинг жүргізу де Орталық құзыретіне жатады.