Қазақстан Республикасында 17 наурыздағы жағдай бойынша елімізде COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 және КВИ- 49 896 жағдай тіркелді. КВИ оң 208 074 және КВИ теріс 45 428 науқас сауығып шықты. Ақпанда қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30%-ға төмендегені байқалды. Сонымен қатар, соңғы 5 күн ішінде тәулігіне 1000-нан астам жағдай анықталды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осындай мәліметтерді жария етті.
Шектеу шараларын жаппай жеңілдету КВИ жұқтыру жағдайларының өсуіне әкелді – Е. Қиясов
Тегтер:
денсаулық сақтау