Сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70% - ға жаңартылды, жаңа заманауи функционалдық зертханалық аспаптар мен жабдықтар сатып алынды, тозу нормаларына сәйкес компьютерлік және кеңсе техникасы жаңартылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сот сараптама органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге тоқталған Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады.