Бір күн бұрын бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Онда мектеп оқушыларына бетперде кимеуге рұқсат етілген. Бұл көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды. Журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг спикерлерінен мұндай шешімінің принципін нақтылап өтулерін сұрады. Бұл тек жасыл аймақта немесе 7 күннен артық уақыт бойы сары аймақта орналасқан мектептерге қатысты.