Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, SARS-CoV-2 британдық штаммының айналымы әлемнің 125 елінде, «оңтүстікафрикалық» - 75 елде, бразилиялық - 41 елде тіркелген. Вирустың мутациялау ықтималдығы адамдардың індетті жұқтыру жиілігінің артуымен ұлғаяды. Вирустың таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды, соның ішінде вакцинацияны қолдануымыз керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық - эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының м.а. Манар Смағұл мәлімдеді.
Бір апта ішінде КВИ британдық штаммы тағы 7 елде тіркелді - сарапшы
Тегтер:
денсаулық сақтау