Балалар арасында ең жоғары аурушаңдық 3-10 жас тобында тіркелген, олар балалардың жалпы сырқаттанушылығының 50%-ын құрайды. Динамикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында жағдайлардың 1,8 есе өсуі байқалады, яғни қаңтарда – 571, ақпанда – 479, наурызда – 871, бұл ретте өсім балалардың барлық жас топтарында байқалады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.