Бүгінде бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцинациядан өтті, екінші компонент 3 024 адамға салынды. Оның ішінде медициналық қызметкер – 4 836, мұғалімдер – 1 945, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 071, құқық қорғау органдарының қызметкерлері – 1 207, басқа топтағылар – 1 802. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осындай мәліметтерді жария етті.