Егіс науқанын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 141,7 мың трактор, 73,2 мың тұқым сепкіш, 221,2 мың топырақ өңдеу құралы бар. Бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын қазіргі заманғы егіс кешендерінің саны 4,3 мың бірлікке дейін ұлғайтылды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте АШМ департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына тоқталды.