Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы жүргізген зерттеулердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында «Британдық», «Оңтүстікафрикалық», «Бразилиялық» штаммға тән ықтимал мутация анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.