Соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстардың саны екі есеге, ал балаларға қатысты қылмыстардың саны үштен бірге қысқарды. Карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы шиеленісе түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстардың саны 4,7% - ға өсті. Бұл ретте тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынымен алып қарайтын болсақ, отбасылық-тұрмыстық қылмыстың жоғары емес үлесі сақталып отыр және бар болғаны 1%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді.