Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар 15,4%-ға төмендеді. Кәмелетке толмағандардың денсаулығына ауыр зиян келтіру саны, тонау, қарақшылық, ұрлық және бұзақылық азайды. Дегенмен, жақындары тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасау фактілері проблемалық мәселе болып қалып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк хабарлады.