2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігін арттыру мемлекеттік қолдау шарасы шеңберінде 58 кәсіпорынның жалпы сомасы 420 млн теңгеге 179 өтінімі бойынша шығындар өтелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов мәлімдеді.