Қазақстандықтар заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгертулерді баяндау барысында мәлімдеді.