Бүгінгі таңда барлық емханаларда екпе кабинеттері, ем шара кабинеттері ұйымдастырылды. Халық көп шоғырланбауы үшін әр күнге учаскелік дәрігерлер арқылы екпе жасатам деген адамдарды кезек- кезекпен белгіленген уақытта емханаға шақыртатын болады. Вакцинаның көп мөлшерде түсуіне байланысты жылы жерлерде уақытша екпе жасайтын орындар ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті. Министрлік тарапынан оларға қойылатын талаптар әзірленіп, бекітіледі.