Пандемия кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу форматына өзгерістер енгізу не үшін қажет болды? ОКҚ брифингі барысында білім министріне осындай сұрақ жолданды. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, соңғы 2 жыл бойы дайындық жұмыстары жүргізілген және ата-аналар мен балалардың өздері де өзгерістерге дайын болды, бірақ түбегейлі ештеңе өзгермеген.